Астанада 47 мың адам үй кезегінде тұр

1161

Астанада 47 мың адам үй кезегінде тұр

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 47 мыңға жетті. Алматы қаласымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 2,5-3 есеге жоғары. Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов айтты, деп хабарлайды elorda.info. 
"2015-2017 жылдар аралығында кезекте тұрғандардың 5 мыңы, ал жыл басынан бері 700-ден астамы баспаналы болды. Олардың 260-ы пәтер кезегіндегі адамдар. 500-ге жуық адам "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы қол жеткізді. Жыл соңына дейін тұрғындар тағы да 100 пәтерге қоныстанады деген жоспар бар. Сол сияқты жоспарға сай "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 600 пәтерге құжат қабылданатын болады. Ал "Нұрлы жер" бағдарламасы туралы айтар болсам, тұрғындардың осы бағдарлама арқылы ипотекалық несиемен пәтер алуға мүмкіндігі бар. Жалпы, тұрғындарды мемлекеттік бағдарламалар аясында баспанамен қамтамасыз ету тұрғысында мүгедек жандар мен жетімдер үйі тәрбиеленушілеріне, ардагерлерге, көп балалы отбасыларға және зейнеткерлерге басымдық беріледі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері 18 жасқа дейін үй кезегіне тұруға құқылы. Оларды тіркетуге балалар үйінің директорлары мен қамқоршыларына міндеттеледі. Егер кезекке тұрған балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелеттік жасқа толмаған болса, құжаттарға қол қою құқығы автоматты түрде директор немесе қамқоршыға беріледі. Жалпы, бұл жағдайды қамқоршылар бақылап отыруы қажет", - дейді  Руслан Ахметов.
Тұрғын үй басқармасы басшысының мәліметіне сүйенсек, қаладағы саяжайлар мен апатты жағдайдағы үйлерді ысырудың бірінші кезеңі бойынша 228 үй — апатты деп танылған. Оның 117-і күреліп тасталса, жоспарға сәйкес биыл қалған 111 апатты үй ысырылады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу