Астанада 48 жастағы әйел бизнес орталықты "жарып" жібере жаздады

947

Жыл басынан бері Астанада "телефон террозимі" бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген.

Астанада 48 жастағы әйел бизнес орталықты "жарып" жібере жаздады

48 жастағы әйел жалған ақпарат беру арқылы күйеуінің ұжымын жазаламақ болған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығына елордадағы бизнес орталықтың бірінің күзетшісінен ақпарат түсті. Ол өзінің жұмыс телефонына белгісіз әйелдің қоңырау шалып, орталықтың 3-қабатына бомба қойылғанын айты деп хабарлаған.   

Оқиға орнына жеткен Байқоңыр аудынының ІІБ жедел-тергеу тобы ғимаратты тексеріп, жарылғыш затты іздеу кезінде 7 адам эвакуацияланды. ІІД қызметкерлері қабылдаған шаралардың негізінде бұзақылық ниетпен бизнес орталықта бомба бар деп хабарлаған 1970 жылы туған Астана қаласының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары анықтағандай, оның аталған бизнес орталықта жұмыс істейтін күйеуінің ұжымы мен жұмыс кестесіне көңілі толмаған. Осылайша күйеуін құрметтемеген әріптестерін жазалауды жөн санапты.  

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм туралы жалған ақпарат беру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Терроризм туралы жалған ақпарат беру қылмысы үшін алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада "телефон террозимі" бойынша 8 қылмыстық іс тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу