Астанада 5 баланың өмірін қиған өрттің неден шыққаны анықталды

960

 Бүгін қаза тапқан балғындардың денесі жер қойнына тапсырылды.

Астанада 5 баланың өмірін қиған өрттің неден шыққаны анықталды

Астанада 5 баланың өмірін жалмаған өрттің шығу себебі белгілі болды. Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, үйдегі пешті жаққанда қауіпсіздік сақталмаған.

Жалпы, соңғы бірнеше айда қызметкерлер 1 млн 700 мың жер үйді аралап, 4 млн азаматпен кездесіп, тексеру жұмыстарын жүргізген. Соған қарамастан, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министріне қала әкімімен  бірге, жылу маусымы біткенше барлық жер үйлерге барып, алдын-алу шараларын атқаруды тапсырды. Сондай-ақ өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 4-ші ақпан күні елорданың Сарыарқа ауданындағы жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Оқиға кезінде бес баланың ата анасы түнгі аусымдағы жұмыста болған. Бүгін қаза тапқан балғындардың денесі жер қойнына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу