Астанада 5 жылда 60-тан астам лифт алмастырылды

933

Астанада 5 жылда 60-тан астам лифт алмастырылды

Бүгінгі күні елорда аумағында жалпы ауданы 21 млн шаршы метр болатын 2 431 көп пәтерлі (көп қабатты) тұрғын үй орналасқан. Сонымен бірге, Астанада 5 516 лифт тіркелген, оларға 47 мамандандырылған ұйым қызмет көрсетеді.

ТКШ модернизациялау шеңберінде 2011-2015 жылдар аралығында 60-тан аса лифт алмастырылды, деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі

Бүгінгі күні пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт алмастыруды қажет етеді. Лифт жабдықтарының аз уақытта тозуына тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде лифттерді шамадан тыс жүктемемен пайдалану жиі себеп болады, осыған байланысты қаладағы лифтердің 20%-дан астамы күрделі жөндеуді қажет етеді.

9 қабатты тұрғын үйдегі бір лифтті алмастыруға 6-8 миллионов теңге қажет. Лифттің моделі мен өндіруші мемлекетке байланысты бұл сома бірнеше есеге ұлғаюы мүмкін. Бүгінгі күні тұрғындардың бюджетіне жүктемені азайту үшін "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасы іске асырылуда, оған пайдалану мерзімі өтіп кеткен лифттерді қайтарымды негізде ауыстыру кіреді.

Атап өту керек, ережеге сәйкес, әрбір лифттің өндіруші зауыт белгілеген 25 жылдан аспайтын пайдалану мерзімі бар. Пайдалануға берілген сәттен бастап лифтке білікті және сәйкес білімі бар мамандар қызмет көрсету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу