Астанада су тасқыны мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған "Көктемгі Астана" жалпықалалық ауқымды шара өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде қалада 47 468 текше метр қар шығарылды. Атап айтқанда, "Алматы" ауданы бойынша 22 175 текше метр, "Сарыарқа" ауданы бойынша 16 817 текше метр және "Есіл" ауданында 8 476 текше метр қар жиналды.
Еске салайық, ауқымды шараға қаланың барлық коммуналдық қызметтері, барлық аудандардың өндірістік-техникалық бөлімдерінің мамандары, ПИК қызметкерлері мен елорданың жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу