Астанада 500-ден астам жерүйге газ және түтін датчиктері орнатылады

1019

"Сарыарқа" ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын үйлерге 500 улы газ датчигі мен 500 түтін датчигі орнатылмақ.

Астанада 500-ден астам жерүйге газ және түтін датчиктері орнатылады

"Байқоңыр", "Сарыарқа" аудандарында улы газ пен түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Байқоңыр" ауданында пешпен жылытылатын жеке үйлер мен жертөлелерде улы газдың әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Жалғызбасты қариялар тұратын 30 үйде пешті тазарту жұмыстары жүгізілді.

"Сарыарқа" ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын үйлерге 500 улы газ датчигі мен 500 түтін датчигін орнатылады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, мұндай құрылғылар 500-ден астам үйде орнатылмақ. Қазір аудандық ТЖ басқармасы, ЖПҚ және еріктілер қатарынан жеке секторларындағы үйлерін аралап шығу үшін мобильді топтар құрылды. Одан бөлек, ауданның жеке кәсіпкерлерінің көмегімен аз қамтылған отбасылар тұратын үйлердің пештерін тексеріп, керек жағдайда пешті жөндейтін мамандары бар топтар құрылған. Олар пештен ақау байқаса жөндеп, құбырларын тазартып береді.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Еркін Отарғалымұлының айтуына қарағанда, аталмыш шаралар "Әр үйге қауіпсіздік" науқаны аясында өткізілуде.

"Өрттің алдын алу мақсатында елорданың жеке тұрғын үй секторларында түсіндіру жұмыстары жылыту маусымы басталысымен жүргізіледі. Қалада орын алған қайғылы жағдайға байланысты бұл бағыттағы жұмыс күшейтілген. Өткен сенбі мен жексенбі күндері Астана ТЖД-нің толық құрамы жер үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, жадынамалар таратылды. Одан бөлек, улы газ бен түтін әсерінен дабыл қағатын құрылғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр", – деді ол.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, құрылғылар демеушілер есебінен орнатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу