Астанада 53 мың кәсіпорынды нәзік жандылар басқарады

1069

Астанада 53 мың кәсіпорынды нәзік жандылар басқарады

Бүгін Астанада Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен "Бизнес идеялар оазисі" атты ІІ бизнес идеялар мен іскер әйелдердің форумы өтті.

Форум барысында сөз алған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Астана қаласындағы аймақтық филиал директоры Исламбек Қайырбеков елордада әйел адамдар басқаратын неше кәсіпорын барын  мәлім етті, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік секторында кәсіпкер әйелдердің үлесі 42 пайызды құрайды. Шет елдердің статистикасымен салыстырсақ, Франция мен Британиядағы фирмалардың 25 пайызын әйелдер, Жапонияда кәсіпорындардың 23 пайызын, АҚШ-тағы кәсіпорындардың 38 пайызын нәзік жандылар басқарады екен", - деп мәлім етті И.Қайырбеков.

Ал, Астана қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі басшылардың 43 пайызы - қыз-келіншектер екен.

"Астана қаласында қыз-келіншектер 53 мың кәсіпорынды басқарып отыр. Бұл елордадағы қарқынды жұмыс істеп тұрған компаниялардың 43 пайызын құрайды", - деп хабарлады ол.

Ал, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Бағиға Бейсембаеваның айтуынша, былтыр елордадағы кәсіпкерлер палатасы арқылы әйелдердің 34 инвестициялық жобасы жүзеге асырылған екен. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу