Астанада 56 стихиялық орын жойылды

490

Рұқсат етілмеген орындардан 47 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

Астанада 56 стихиялық орын жойылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада стихиялық қоқыстарды жою және рұқсат етілмеген орындарда қоқыс төгетіндерді жауапкершілікке тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Биыл қалада 56 стихиялық орын жойылды. Жергілікті полициямен бірлесіп, құқық бұзушыларды анықтау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. Осылайша, жыл басынан бері 1700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсету ұйымы бар.

Қоқысты жинау үшін экополигонға жақын аумақ белгіленді. Онда қалдықтарды уақытша алаңға қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдіктері мұнда 3600 тоннадан астам қоқыс жеткізді.

Бүгінгі күні елордада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының бәріне құрылыс қалдықтарын "Солтүстік жотаға" және ҚТҚ полигонына жеткізу, құрылыс алаңдары аумағында қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату және онда экологиялық кодекс талаптарының сақталуына қатысты хабарламалар жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу