"Жүргізуші куәлігін алып беремін": Астанада 6 адамды алдаған алаяқ сотталды

768

Келтірілген шығынның жалпы көлемі 2,3 млн теңгені құрады.

"Жүргізуші куәлігін алып беремін": Астанада 6 адамды алдаған алаяқ сотталды Фото: kolesa.kz

Астанада алаяқ таныстары арқылы жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде етіп, алты қала тұрғынын алдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта прокурор оның кінәсін толық дәлелдеді. Сотталушының кінәсін мойындауы және келтірілген шығынды ішінара өтеуі ескеріліп, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы шешім шығарылды.

Сотталған адамға бірқатар шектеу қойылды. Атап айтқанда, пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты және жұмыс орнын ауыстыруға, алкогольдік ішімдіктер тұтынылатын ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Сонымен қатар жұмыссыз қалған жағдайда жұмыспен қамту органдарына тіркелуге және сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тұрғылықты жерінен тыс жерде болмауға міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз жолмен мәселе шешуге уәде берген адамдарға ақша бермеуге және мемлекеттік қызметтерді тек заңды тәртіппен алуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу