Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

186

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады. 

Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді Фото: gov.kz

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу