Астанада 6 шілде күні отшашу атылады

142

Астанада 6 шілдеде – Елорда күніне орай мерекелік салют атылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада 6 шілде күні отшашу атылады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Салюттің шамамен басталу уақыты – сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді.

Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу