Астанада 61 зейнеткер миллиондаған жәрдемақыдан қағылған

117

"Нұра" ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталу заңдылығына талдау жүргізді.  

Астанада 61 зейнеткер миллиондаған жәрдемақыдан қағылған Фото: el.kz

Астананың кейбір мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер зейнет жасына жеткен қызметкерлерге заңнамамен көзделген жәрдемақыны төлемеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заңбұзушылықтарға жол берген 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 61 зейнеткердің құқықтары жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам өтемақы төлеу арқылы қорғалды.

Астана қаласының прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу