Осы жылы Астанада ұзындығы 46 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қала бойынша жыл сайын жолдарды орташа жөндеу (шұңқыр) жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, "Астана су арнасы" су құбыры мен канализация желілерін және маңы ойылып қалған су құбыры құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
"Осы жылы Астана қаласында ұзындығы 45,95 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүреді. Оның 15-і орталық көше, қалған 50-і тұрғын үй алаптарында орналасқан", – деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жолдарды салу және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исаков.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу