Астанада 7 мың тоннадан астам көкөніс қоры бар

Пияз – 10%, сәбіз – 5%, картоп – 5%, қырыққабат-2% арзандады. 

Астанада 7 мың тоннадан астам көкөніс қоры бар Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында "Бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдері" тақырыбында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев айтты.

"Ақпан-сәуір айлары аралығында жалпы көлемі 8 мың тонна көкөніс жеткізілді. Нәтижесінде бағалар 5-10% – ға төмендеді. Оның ішінде пияз – 10%, сәбіз – 5%, картоп – 5%, қырыққабат-2%. Бүгінгі таңда қалада қолданыстағы шарттар бойынша қала халқының айлық қажеттілігін қамтамасыз ететін 7 мың тоннадан астам көкөніс қоры бар. Атап айтқанда, картоп – 4,2 тонна, пияз – 1,3 тонна, қырыққабат – 1 тонна және сәбіз – 900 келі", – деді спикер. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу