Астанада 7 жасар бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды

407

Ол балықшыларды көмекке шақырып үлгерген.

Астанада 7 жасар бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды Фото: видеодан алынған кадр

Астанада балықшылар мұз ойылып, суға құлаған 7 жастағы баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды.

Сондай-ақ, суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық "қол сағаты" табыс етілді.

Бұл оқиға бойынша 102 жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

"Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген ағалардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы", - делінген Астана қаласы Полиция департаменті хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу