Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

1050

Астанада 73 мыңға жуық оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Астанада жаңа оқу жылында 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 3,5 млрд.жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Елорданың 84 білім беру мекемесінде бастауыш сынып оқушыларының барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар 5-11 сыныптардар оқитын аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларда тегін ыстық тамақпен қамтылады", - деді қалалық білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша Астана мектептеріндегі асханаларда 26 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық мектептердің асханалары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу