Астанада 75 кәсіпкерге 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

1593

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада 75 кәсіпкерге 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды Фото: canva.com

Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің 75 бизнес субъектісіне 2,3 млн теңгеден астам соммаға кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісім-шарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу