Астанада 75 келі насыбай сақталған қойма анықталды

339

Астанада 75 келі насыбай сақталған қойма табылды. Полиция заң бұзушыларды жедел профилактикалық іс-шара аясында анықтаған.  

Астанада 75 келі насыбай сақталған қойма анықталды Фото: gov.kz

Құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдерінен құралған топ ай соңына дейін күшейтілген тексеріс жүргізбек, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз саудалағандарға қандай жаза қарастырылған? Тілші материалынан білейік.

Қазір Елордада "Насыбай" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бүгін Байқоңыр ауданындағы тексерістердің бірінде тыйым салынған өнімнің ірі көлемін заңсыз сақтағандар анықталды.

БАҚТИЯР БАЙҚАНОВ, "БАЙҚОҢЫР" АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАПМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Гараж ретінде пайдаланылған нысанда қазір тыйым салынған 1 қап және 2 қорап насыбай анықталды. Енді тәркіленген тыйым салынған заттар жойылады. Сондай-ақ иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар рейдтер барысында шегілмейтін темекі өнімдерін сақтау мен тарату фактілері де құрықталады.Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері профилактика барысында дүкен иелеріне вейптерді заңсыз сатқағаны үшін 92 мың 500 теңге айыппұл қарастырылғанын ескертті.

ДАСТАН МУСИН, "САРЫАРҚА" АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай фактілер анықталғанда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 196-бабы бойынша заң бұзушыларға 20-25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Жедел профилактикалық іс-шара 31-наурызға дейін жалғасады. Құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдерінен құралған топ тексерістерді ең алдымен мектеп маңындағы дүкендерден бастапты.

ЕРАСЫЛ ҚАЙРАТОВ, "САРЫАРҚА" АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы шегілмейтін темекі өнімдерінің оның ішінде вейп насыбай сынды тауарлардың осы өсіп келе жатқан келешек ұрпаққа зиянын атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты Сарыарқа ауданында және Сарыарқа аудандық полиция басқармасымен бірге жергілікті полиция қызметкерлерімен осы заң бұзушылық фактілері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы шегілмейтін темекі өнімдерін анықтап тиісті шаралар қолдануда.

Еліміз денсаулыққа зияны көп мұндай өнімдерді сатуға тыйым салуға білек сыбана кіріспек. Қазір шегілмейтін темекі өнімдерін сатқандарға әкімшілік кодекспен жаза қарастырылған. Енді бұл бапты әкімшіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауыстыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу