Бос жұмыс орындарының мәліметтер базасы күн сайын жаңартылып тұрады: қазіргі уақытта мыңдаған жұмыс берушіден 8 343 орын бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Тізімде ең сұранысқа ие бос жұмыс орындарының ішінде – жуушылар, жинаушылар, мұғалімдер, медбикелер, электриктер, слесарь-сантехниктер, сатушылар, аспазшылар бар.
Елорданың мыңдаған жұмыс берушілері өздеріне еңбеккерлер іздеуде. Астана әкімдігінің мәліметінше, қаңтар-тамыз қортындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің ішінде жұмысқа орналасқандар 71,1% құрайды. Жұмыс іздеушілер саны 11536 адам, еңбекпен қамтылды – 8204 адам (8072 тұрақты жұмысқа, 512 уақытша, 695 жастар тәжірибесі бойынша, 186 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 1739 қоғамдық жұмысқа).
Жалпы елорда жұмысыздық деңгейінің төмендігі жағынан алдыңғы орындарда болуды жалғастыруда. Бұл көрсеткіш республикалықтан 0,4%-ға төмен. 2017 жылдың екінші тоқсанында қалада жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды (жоспар бойынша - 4,7%). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 4,5% (жоспар бойынша – 4,7%), әйелдер жұмыссыздығы – 4,6%, (жоспар бойынша 4,9%)
Бұдан бөлек, осы жылы жұмыссыздарды еңбекпен қамту мақсатында тоғыз бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жұмыстар жүргізілуде (Facebook, Twitter, ВКонтакте, Instagram), "CZ Astana" мобильдік қосымшасы құрастырылып, жұмыс істеуде. Онда бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіби біліктілікті тестілеу қолжетімді.
Анықтама телефондары: 57-88-88(call-орталық), 57-88-68, 95-42-21,95-44-18. "Жұмыспен қамту орталығы" Бейбітшілік көшесі, 25, "Өркен" іскерлік орталығының 1 қабатында орналасқан.