Астанада 83 жастағы зейнеткер алаяққа алданып қала жаздады

159

Елордалық полицейлер қала тұрғынын алаяқтан құтқарды.  

Астанада 83 жастағы зейнеткер алаяққа алданып қала жаздады Фото: polisia.kz

Кейуана әлеуметтік желіден табысы жоғары деген жалған жарнаманы көрген. Алаяқтар "табыс табу" үшін халықаралық ақша аударымы арқылы қаражат жіберу және "жұмысқа орналастыру" үшін төлем жасау керегін айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жалған ақпаратқа сенген зейнеткер 1300 еуроны аудару үшін банк бөлімшесіне барған. Дегенмен бөлімше қызметкерлері күдіктеніп, бірден полицияға хабар берген.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, әйелді ақша аудармауға көндірді. Қарт әйел алаяқтардың құрбаны болудан аман қалды. Сонымен қатар полицейлер зейнеткердің туыстарын хабардар етті.

Бұған дейін полиция халықаралық ақша аударымдары жүргізілетін бөлімшелерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, әсіресе қарт адамдарға назар аударуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу