Елордада 85 жасар қарияны тонаған екі ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға кешкі уақытта болған.
Қарт адам газ аппаратурасы ауданындағы саяжайдан қайтып келе жатқан. Белгісіз адам қарияның сеніміне кіріп, оның телефонынан қоңырау шалып алуды өтінді. Күдікті телефонмен сөйлесіп жатқандай кейіп танытып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Екінші адам 85 жастағы қарияның қолындағы әмиян салынған пакетін жұлып алып кеткен. Пакет ішінде саяжайдың құжаттары, кілттер жиынтығы, жол жүру билеті, 27 мың теңге ақшасы болған.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері елорданың 26 және 18 жастағы екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын істі болғаны белгілі болды. Олар OLX.kz қосымшасы арқылы сатуға үлгерген телефон және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, - деді дейді Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бастығы Мұрат Әбшекенов.
Белгілі болғандай, тонауға қатысы бар адамдар мойындау көрсетпелерін берген. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.