Астанада 9 айда 83 жасөспірім суицид жасаған

276

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық.

Астанада 9 айда 83 жасөспірім суицид жасаған Фото: pixabay.com

Елордада жасөспірімдер арасында суицид жасау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен және көбіне қыздар суицидке барады. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қалалық психикалық денсаулық орталығы жүргізген Астана қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекеттері мониторингінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында Астана қаласында кәмелетке толмағандар арасында 83 суицид жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Оның ішінде 81,3% - қыздар", - деді Әлия Рүстемова қалалық мәслихаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың суицидке баруына себеп болатын жайлардың ішінде отбасындағы жанжал бірінші орында тұр.

"Одан бөлек, 32 жағдайда немесе 38,6% құрдастары немесе достарымен жанжалдасу себеп болған. Депрессия 9 жағдай немесе 9,6%. Бізде балалар суицидологы жұмыс істейтін №3 қалалық емханада балалар үшін шұғыл психологиялық көмек кабинеттері жұмыс істейді", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу