Астанада 99 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

553

Үшеуі лицензиясынан айырылды.

Астанада 99 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды Фото: inbusiness.kz

Қазіргі уақытта Астананың жеке сот орындаушыларының (ЖСО) өңірлік палатасында 244 ЖСО жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков ЖСО-ға қатысты жүргізілген тексерулер туралы Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Жыл басынан бері Департамент жеке сот орындаушыларының қызметіне 149 жоспардан тыс және 75 жоспарлы тексеру жүргізді. Нәтижесінде 99 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылды, үшеуі лицензиясынан айырылды, ТЖК лицензияларынан айыру туралы тағы екі ұсыныс ҚР Әділет министрлігінің қарауында.

Айта кету керек, Астанадағы жеке сот орындаушылары екінші деңгейлі банктермен, олардың кәсіпорындарымен, қаржы және сақтандыру ұйымдарымен, пәтер иелерінің кооперативтерімен жасалған келісімдер негізінде атқарушылық іс жүргізеді.

"Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңына сәйкес алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар әлеуметтік маңызы бар санат болып саналады. 

Қазіргі уақытта алимент өндіріп алу қоғамдағы өзекті мәселе болып саналады. 

Астана қаласының жеке сот орындаушылары алимент өндіріп алу туралы 19 890 атқарушылық іс қозғады, оның ішінде 9 915 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің жалақысынан ай сайын ұстап қалу жүргізілуде, 618 атқарушылық іс жүргізу борышкерлерді іздестіруге жариялауға байланысты тоқтатылды", Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков.

Әділет департаменті қала прокуратурасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп осы бағытта үлкен жұмыс атқарды.

Мәселен, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 79 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ жыл басынан бері 600-ге жуық борышкерден 358 млн теңге мөлшерінде берешек өндірілді. Жыл басынан бері жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында 10 жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде 21 адам жұмыс тапты. Мұндай жұмыс жәрмеңкелері ай сайын ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу