Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген адам қамауға алынды

148

49 жастағы ер адам Сығанақ көшесіндегі аллеяда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.

Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген адам қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында елордалық полиция вандализмнің алдын алуға және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударады.

Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді және азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, құқық бұзушылықтар туралы "102" арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу