Астанада абайсызда Есіл өзеніне құлап кеткен азаматтың бірі іздестіріліп жатыр

917

Астанада абайсызда Есіл өзеніне құлап кеткен азаматтың бірі іздестіріліп жатыр

21 мамыр күні сағат 15.12 минут шамасында құтқару қызметінің телефонына Есіл өзеніне ("Тұлпар" көпірі маңы) көпір қарастырылмаған тұстан өтпек болған ер мен әйел адамның абайсызда суға құлап кеткені туралы шұғыл хабар түскен. Осы оқиғаға куә болған сол жердегі екі адам оларды құтқару үшін артынан суға секірген. Бұл туралы ақпаратты төтенше жағдайлар комитеті таратып отыр.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, орталық аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отрядының сүңгуірлері оқиғаға куә болған екеудің бірін – 1982 жылы туған азаматты  құтқарған. Оған дәрігерлік көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілген.  Судан алып шыққан тағы екі азаматтың кім екендіктері қазір анықталып жатыр. Тағы бір адам әлі де іздестірілуде.

Қазіргі таңда оқиға орнында орталық аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отряды мен Астана қаласы  ТЖД жедел отрядының 10  адамы,  2 катер жұмыс жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу