Астанада абатандыруға қатаң талаптар енгізілуі мүмкін

355

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында елорда аумағын абаттандыруға қатысты жаңа талаптар талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Астанада абатандыруға қатаң талаптар енгізілуі мүмкін Фото: ЖИ

Жиында коммуналдық қызметтердің жұмысына, көшелерді тазалауға және жасыл желекті күтіп ұстауға байланысты бірқатар өзгеріс ұсынылды.

"Тазалық жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар брусчаткаға, жасыл желекке, көше жабдықтары мен жарықтандыру жүйелеріне келтірілген залал үшін материалдық жауапты болады. Сондай-ақ салмағы 3,5 тоннадан асатын арнайы техниканың брусчатка төселген тротуарларға, жаяу жүргіншілер аймақтары мен аялдамаларға кіруіне жол берілмейді", – деді Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Сыздықов.

Оның айтуынша, қыс мезгілінде балалар ойнайтын және спортпен айналысатын алаңдардағы қар арнайы техникамен емес, қолмен тазалануы тиіс.

Бұдан бөлек, көлік қозғалысы ең жоғары таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта жолдарды механикаландырылған тәсілмен тазалауға шектеу қою ұсынылды.

"Күндіз арнайы техникамен жол бойындағы жасыл желектерді суаруға да тыйым салынады. Суару жұмыстары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі", – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда аталған ережелердің жаңа редакциясы талқылану кезеңінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу