Астанада абаттандыру қағидаларын бұзудың 41 мыңнан астам дерегі тіркелді

154

Олардың ішінде қоқыс тастау мен қоғамдық орындарды ластау деректері бар.

Астанада абаттандыру қағидаларын бұзудың 41 мыңнан астам дерегі тіркелді Фото: nege.kz

Астанада "Таза Қазақстан" республикалық бастамасы аясында абаттандыру қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 41 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Заң бұзушылықтар қатарында қоқысты белгіленбеген орындарға тастау, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру талаптарын сақтамау деректері бар.

Мәселен, Тілендиев даңғылында жүргізілген тексеру кезінде ғимараттың сыртқы қабырғасына граффити салу фактісі анықталды. Осыған байланысты құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті қала тазалығы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты екенін еске салды. Ведомство тұрғындарды қоғамдық орындарды ластамауға, ғимараттардың қасбеттерін бүлдірмеуге және абаттандыру қағидаларын сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу