Ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкері абоненттердің шотынан қаражат жымқырған, деп хабарлайды Елорда Инфо полиция департаменіне сілтеме жасап.
2017 жылдың басынан бастап 2019 жылдың қаңтары аралығында ұялы байланыс компаниясына теңгерімдерінен түрлі сомалар жоғалып тұратыны туралы абоненттерден шағымдар келіп түскен. Жалпы шығын 3 000 000 теңгені құрап отыр.
Жедел-тергеу іс-әрекеттері барысында Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады, одан тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеп-тексеру барысында күдікті әлеуметтік инженерияның тәсілдерін пайдалану арқылы абоненттердің шотына қол жеткізгені анықталды. Содан кейін қысқа мерзімге сөндіріп қойып, осы кезде ақшалай қаражатты жымқырған екен.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) тергеп-тексеру жүргізілуде.