"22 сәуірден бастап Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойында қоғамдық көлікке бөлінген жолақпен автомобильдердің қозғалу уақытын өзгерту жоспарланып отыр. Бұл қала тұрғындарының мобильділігін жақсарту, жедел жәрдемнің, арнайы қызметтердің және өрт сөндіру техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалады", – деп жазылған қала әкімдігінің ресми сайты таратқан хабарламада.
Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынады. Сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге Bus Lane арқылы жүруге рұқсат етіледі.
Пилоттық жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол кезде автобус жолағына шығуға таңертең 07.30-дан 09.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейінгі уақыттан басқа уақытта шығуға рұқсат берілді.