Астанада 25 шілде күні адам саудасына қарсы күреске арналған RUN FOR LIBERTY жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қатысушылар үшін 4 шақырым және 7,6 шақырым қашықтықтар қарастырылған. Жарысқа 16 жасқа толған Астана тұрғындары мен қала қонақтары қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, іс-шараға 1700 адам қатысады. Онлайн тіркелу 22 шілде күні сағат 09:00-де басталды және белгіленген қатысушылар саны толыққанға дейін жалғасады.
Тіркелген қатысушыларға старттық нөмірлер 25 шілде күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін Ырыскелді қажы мешітінің аумағында беріледі.
Жүгіру жарысы осы аумақта сағат 08:00-де басталады.