Астанада адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатылады

1183

Қазір әкімдік Астананың полиция департаментімен бірге аталған камералар орнатылатын жерлерді анықтауға кірісті. 

Астанада адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатылады

Астанада адамның бет-бейнесін анықтайтын камераларды орнататын жерлерді анықтау жұмысы басталды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді, деп хабарлайды elorda.info.  

"Сергек" фото-бейнебақылау камералары қаланың барлық аудандарында орнатылды. Жол қиылыстарында 200 камера қосылды. Бүгінгі күні қала бойынша 1 536 "Сергек" камерасы жұмыс істейді. Болашақта адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнату жоспарланып отыр. Бет-бейнесін анықтау үшін бағдарламалық жабдықтау таңдалуда, одан соң камералар орнатылады. Пилоттық жоба ішкі істер министрлігімен жүзеге асырылады", –  деді Малика Бектұрова. 

Қазіргі күні әкімдік Астананың полиция департаментімен бірге аталған камералар орнатылатын жерлерді анықтауға кірісті. 

Еске сала кетейік, Астана әкімдігі аппарат жиналыстарын трансляциялау тәжірибесін бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу