Астанада аэротакси әуеге көтерілді

333

Сынақ ұшуы жолаушыларсыз орындалды.  

Астанада аэротакси әуеге көтерілді Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Астанада аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24 шілдеде Астанада электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. 

"Сынақ ұшуы "Қазанат" ипподромының аумағында ұйымдастырылып, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility, UAM) дамыту жобасын іске асырудың кезекті кезеңіне айналды. Демонстрациялық ұшуды қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы қытайлық AutoFlight компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity әуе кемесі пайдаланылды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақ ұшуы жолаушыларсыз орындалды", – делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің мәліметінше, электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемелерін (eVTOL), вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданып, жаңа технологияларды елдің көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдайлар жасалып жатыр.

Сынақтық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін "Future Games 2026"халықаралық фиджитал турнирінде көпшілік назарына ұсынылады.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада тұңғыш рет аэротакси сынақтан өтетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу