Астанада ағаш егу жұмысы белсенді жүріп жатыр

515

Қалада 3,5 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді.

Астанада ағаш егу жұмысы белсенді жүріп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың саябақтарында, гүлзарларында және басқа да ашық алаңдарында жаз мезгіліне дайындық қызу жүріп жатыр. Ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер қаланың субұрқақ кешендерін консервациялау жұмысын жүргізеді.

8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада "Жасыл Астана" эко-айлығы өткізіледі, оның аясында бірнеше сенбілік жоспарланып отыр. Мәселен еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының, ШОБ өкілдерінің көмегімен полигонға 800 тоннадан астам қалдық шығарылды.

Жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Экологиялық айлыққа 15 мыңға жуық адам, 400-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және т.б. қатысты.

Осы сенбіде, 29 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді, оның барысында ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызу жоспарланып отыр.

2023 жылы бас-аяғы миллион жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер және т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Оның барысында жапырақты ағаш түрлеріне артықшылық беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу