Астанада AGRICOM 2025 халықаралық астық конференциясы өтті

138

Конференцияға 300-ден астам қатысушы жиналды.  

Астанада AGRICOM 2025 халықаралық астық конференциясы өтті Фото: АШМ

Жыл сайынғы Астанада өтетін AGRICOM 2025 халықаралық конференциясы Қазақстанның, ТМД елдерінің және әлемнің астық пен агроазық-түлік нарықтарының үрдістері мен келешегін талқылауға бағытталған тиімді алаңға айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Еуропа елдері және басқа да өңірлерден келген астық бизнесінің өкілдері, сауда үйлерінің, талдау, логистикалық орталықтардың, аграрлық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

Жиналғандар Қазақстан және Ресейдегі астық түсімі мен сапасына қатысты болжамдар, ішкі және экспорттық нарықтағы жағдай, баға үрдістері, сондай-ақ астықты терең өңдеу әлеуеті мен жаңа өнім келісімшарттарына байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ инвестиция, агротехнологиялар, цифрландыру және АӨК-дегі орнықты даму тақырыптарына да айрықша назар аударылды.

Конференцияда қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспорттық ұстанымдарды нығайту және отандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілетуде зор рөл атқаратын көлік-логистикалық инфрақұрылымын нығайтуға баса көңіл бөлінді.

AGRICOM 2025 аясында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа келісімшарттар жасауға бағытталған панельдік сессиялар, сараптамалық пікірталастар мен іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

AGRICOM бизнесті, ғылымды және елдерді ашық диалог пен бірлескен шешімдер іздеу жолында біріктіре отырып, Қазақстанның әлемдік астық нарығындағы жетекші қатысушынының бірі ретінде ықпалын нығайта түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу