Астанада ай сайын 2 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері ашылады

745

 Астанада ай сайын 2 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері ашылады

Бүгін қала әкімдігінде І жартыжылдықтағы негізгі әлеуметтік экономикалық қорытынды шығарылды. Мәселен, тек алғашқы алты айда 5,2 % инвестиция тартылған, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда өсім бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін қаланың саясаты жеке кәсіпкерлікті қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған және осы бағыт жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, жыл басынан бері 443,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 5,2 % өскен. Шағын және орта бизнес саласында жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 10,7% - ға артып, 106,5 мыңға жетті", - деді Әсет Исекешев.

Шағын және орта бизнесті белсенді қолдаудың арқасында ай сайын Астана қаласында шамамен 2200 жаңа шағын және орта бизнес субъектілері ашылады. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында олардан бюджетке шамамен 188 млрд теңге салықтық түсімдер түскен.

Экономика секторында 11 046 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5% - ға артық.

"Жалпы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасады", - деп қорытындылады Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, өнеркәсіпте 2,3%-ға (285,9 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібінде 2,6 пайызға өсім бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу