Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады

440

Биыл Астанада мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау (инватакси) қызметін 113 автомобиль көрсетеді, оның 16-сы – мамандандырылған.

Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады Фото: gov.kz

Ай сайын бұл шаралармен мыңға жуық адам қамтылады, оның ішінде 600-ден астам бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ерекше қажеттілігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектігі жөнінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады.

Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарды (18 жастан асқан) тасымалдау жөнінде қызметтерді мынадай орталықтар көрсетеді:

кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – "Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС. Ол Абылай хан, 43/1 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 8-708-425-36-56, 25-36-56. Жеткізушінің 6 мамандандырылған көлігі бар, ай сайын 75-ке жуық адамға қызмет көрсетеді;

- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсынымдары бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдар үшін – "Астана қаласы мүгедек балалар қоғамы" ҚБ. Ұйым Сәтбаев, 31 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 8-702-893-80-53, 8-702-793-58-21. Жеткізушіде 16 жеңіл және 1 мамандандырылған көлік бар, ай сайын 150-ге жуық адамға қызмет көрсетеді;

- көру қабілеті нашар адамдар үшін – "Қазақ зағиптар қоғамы" ҚБ. Ұйым Момышұлы, 17А мекенжайындағы 55-кабинетте орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 87710460211, 49-76-91. Қызметтерді қоғамдық ұйымның 19 жеңіл автокөлігі көрсетеді, олар ай сайын шамамен 130 адамды қамтиды.

Астана қаласының мүгедектігі бар балаларды (18 жасқа дейін) тасымалдау жөніндегі қызметтерді мынадай ұйымдар көрсетеді:

кресло-арбамен қозғалатын мүгедек балалар үшін – Ақшоқы көшесі, 2 мекенжайындағы "ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті" қоғамдық бірлестігі, диспетчерлік нөмірлері: 792700, 87012122115, 87769984839. Сегіз мамандандырылған автомобиль ай сайын шамамен 80 адамды тасымалдайды;

- мүгедек балалар үшін – "Астана қаласы мүгедек балалар қоғамы" қоғамдық бірлестігі, Айтоған к-сі, 18 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 498617, 87021798001, 87011323099. Жеткізушіде 61 жеңіл автокөлік және 1 мамандандырылған көлік бар, ай сайын 600-ге жуық адамға қызмет көрсетеді;

Инватакси қызметін күнделікті алу үшін жоғарыда аталған ұйымдарға телефон нөмірлері бойынша жоспарланған сапар күніне бір тәулік қалғанда өтінім беру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу