Астанада әйелін 4 ай бойы аңдыған тұрғын сотталды

368

Әйелдің қауіпсіздігіне алаңдауға мәжбүр болған тұрғынға 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.  

Астанада әйелін 4 ай бойы аңдыған тұрғын сотталды Фото: qyzyq.kz

Астана тұрғыны қорғау нұсқамасына қарамастан, бұрын бірге тұрған әйелді төрт ай бойы заңсыз қудалаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол жәбірленушіге қайта-қайта қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, тұрғылықты жеріне барған, үйінің маңында күтіп тұрған және балағат сөздер айтқан.

Осының салдарынан әйел өзінің және кәмелетке толмаған қызының қауіпсіздігіне алаңдап, үнемі қорқынышта жүрген. Оның жеке қауіпсіздікке және еркін қарым-қатынас жасауға деген құқықтары бұзылған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Адамның еркіне қарсы байланыс орнату және оны аңду арқылы елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау үшін 3 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу