"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Астанада айлық норма жауын-шашын жауды.
Осылайша, айлық норма 31 мм болса, бүгін 42 мм жауын-шашын жауды.
Бүгін су басқан негізгі учаскелердің бірі – Ұлы Дала даңғылы. Мұнда тазарту қондырғылары салынуда, жоба әлі аяқталған жоқ.
Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылысын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында.
Биыл жер үсті ағындарын бұру үшін 2,5 шақырым магистральдық нөсерлі кәріз желілерін салу жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу