Астанада Әкелер күні аталып өтті

575

Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Астанада Әкелер күні аталып өтті Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Астанада елімізде алғаш рет атап тойланып отырған Әкелер күніне орай "Әке – отбасының тірегі" атты мерекелік бағдарлама өтті.

31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл ел бойынша атап өтілетін Әкелер күні – жаңа мереке күнін белгіледі.

Мерекелік іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және елорда тұрғындары қатысты.

Әкелер күнінің негізгі мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен "ынталы ата-ана болу" идеясын насихаттау.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өз құттықтау сөзінде әкелердің отбасын нығайту мен бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

"Отан - отбасынан басталады. Ал отбасының тірегі, отағасы мен қара шаңырақтың иесі - әкелер екені белгілі. Бүгін осы жерге өмірдің көптеген қиындықтарына төтеп беріп, жұртқа пана болған қадірлі де құрметті әкелереміз келіп отыр. Барша жиналған әкелер қауымын шын жүректен бүгінгі мерекемен құттықтаймын", - деді министр.

Іс-шара аясында әкелер күніне орай әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, республика ел бойынша Әкелер күніне орайластырылған іс-шаралар ұйымдастырылды. Сараптамалық алаңдар, дөңгелек үстелдер, көп балалы әкелердің қатысуымен отбасылық жарыстар өтті.

Айта кетейік, Әкелер күні отбасылар мен отбасылық құндылықтарды біріктіретін дәстүрлі отбасылық мерекеге айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу