Астанада әкімдер халыққа есеп бере бастайды

774

Астана қаласының әкімдігі елорда өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды кездесулерге қатысып, қала дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Астанада әкімдер халыққа есеп бере бастайды

Қалалықтар атқарушы органдардың істеген жұмысымен танысып, қаланы дамыту мен қалалық қызметтердің жұмысын жақсартуға қатысты өздерінің ұсыныстарын білдіре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

21-31 қаңтар аралығында қаланың ашық алаңдарында халыққа және елорда аудандарының еңбек ұжымдарына есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады. Тұрғындар шараға өз ниетімен қатысып, қаланы дамытудың барлық бағыттары бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін білдіре алады. Халық алдында есепті Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері береді.

Сонымен қатар, 11-15 ақпан аралығында қала активі елорда әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдайды.

Астана қаласының әкімдігі елорда өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды кездесулерге қатысып, қала дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу