Астанада әкімшілік ғимараттарының бірінде газ бен ауа қоспасы жарылды

214

Жарылыстан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада әкімшілік ғимараттарының бірінде газ бен ауа қоспасы жарылды Фото: fireman.club

Елордадағы Есіл ауданының әкімшілік ғимараттарында ("Еврокоптер Казахстан инжиниринг" ЖШС) жапсарлас салынған жылу қазандығында газ бен ауа қоспасы жарылды. 

Жарылыстан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. "QazaqGaz Aimaq" акционерлік қоғамы Астанадағы филиалға аталмыш оқиға туралы ешқандай өтінім түспегенін мәлім етті. 

"Аталған нысанға 2024 жылдың 3 сәуірінде газ тартылған. Газ Қазақстан авиациялық индустрия мекемесіне тиесілі, орташа қысым деңгейі 225 миллиметрлік жеке меншіктегі құбырдан тартылған (QazaqGaz Aimaq ЖШС-іне қатысы жоқ). Қазіргі таңда нысан (оның ішінде жылу қазандығы да) оқиғаның мән-жайы анықталғанша газбен жабдықтау жүйесінен ажыратылды", – деп жазылған ресми мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу