Астанада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

381

Бұл демалыста жәрмеңке өтетін орын өзгерді. 

Астанада Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр Фото: Астана әкімдігі

Енді Астана тұрғындары Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы "Астана Арена" стадионының жанындағы алаңнан сауда жасай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл жәрмеңкеге Ақмола облысының 100 тауар өндірушісі жалпы көлемі 300 тоннадан аса 50 түрлі өнім жеткізді.

Жеткізілген тауарлар өндірілген орыннан тікелей тұтынушыға дейін қағидаты бойынша сатылады, сондықтан нарықтан 10-20 пайызға арзан.

Жеткізілген өнімдер қатарында: 100 тонна ет және шұжық өнімдері, 2 тонна жаңа ауланған балық, 400 мыңнан астам жұмыртқа, 20 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 25 тоннадан астам ұн, 50 тонна картоп, көкөніс және басқа да өнімдер бар.

"Отбасыммен бірге осы жерден азық-түлік сатып алу ыңғайлы, әсіресе бағасы қолайлы, арзанырақ. Сол себепті көбірек сатып алуға болады. Ал жаңа орынға көшкеннен кейін жәрмеңке үйіме жақынырақ бола түсті", – деді қала тұрғыны Әлия Маемирова.

Биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды, оған 14 өңірден аграршылар қатысты. Осы жәрмеңке күндері 10 мың тоннаға жуық өнім сатылды.

Келесі демалыс күндері 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстары жәрмеңке маусымын аяқтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу