Алдағы уақытта Астанада ақылы автотұрақтар саны 20 есеге көбейеді. Бұл туралы әкімдіктің жолаушылар көлігі басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Atameken TV.
Қазіргі уақытта бұл жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асыру көзделген. Бизнес тарапынан да қызығушылық танытып отырғандар бар. Осылайша елордада ақылы автотұрақтар саны 10 мың болмақ.
Жоба аясында 253 паркомат орнатылады. Қазір Нұржол желекжолында 487 көлікке арналған ақылы автотұрақ жұмыс істеп тұр. 2019-шы жылға дейін олардың санын Астана бойынша 9513 көлік орынына жеткізу жоспаранған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу