Жөндеу жұмысын елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізеді. Осыған байланысты биыл 10 мамырдан 5 маусымға дейін А.Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу