Астанада "AlALA" арт-экофестивалінің салтанатты ашылуы өтті

313

Фестивальдің мақсаты – экология тақырыбындағы балалар мен жастардың арасында шығармашылық бастамаларды іздеу және қолдау көрсету. 

Астанада "AlALA" арт-экофестивалінің салтанатты ашылуы өтті Фото: AIALA

1 маусымда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Д.Кочетовтың қатысуымен жыл сайынғы "AlALA" арт-экофестивалінің салтанатты ашылуы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Фестиваль аясында 8, 9 және 10 сынып оқушылары арасында республикалық байқау іріктеу шарасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 250-ден астам  қатысушыдан өтініш келіп түскен.

Финалға Қазақстанның барлық өңірлерінен, соның ішінде ауылдық аймақтан келген өтініштердің ішінен 36 қатысушы іріктеп алынды. Енді әр санат бойынша (бейнелеу өнері, перфоманс, видеомейкинг, сәндік-қолданбалы өнер, музыка және поэзия, арт перфоманс) 6 жеңімпаз таңдалып, фестивальдің бас демеушісі – "Халық" қайырымдылық қорының атынан берілетін қомақты ақшалай сыйлық табысталды.

Жеңімпаздар:

  1. "Órnekte" категориясы - Айболат Нұрыллаев, Қызылорда қаласы;
  2.  "Árle" категориясы - Нұржігіт Науханбаев, Қызылорда обл, Қармашқы ауданы;
  3. "Beinele" категориясы - Анеля Сатыбалдиева, Астана қаласы;
  4. "Qara" категориясы - Регина Землиханова, Алматы қаласы;
  5. "Sezin" категориясы - Аяна Рахимжанова, Ақтөбе обл, Мәртүк ауданы
  6.  "Sóıle" категориясы - Арман Латыпаев, Жетісу обл, Жаркент қаласы.

            Байқауға әділқазылар алқасы ретінде қатысқандар: 

  • Әсия Оспанова – талантты поэтесса, музыка әрлеушісі әрі әнші;
  • Данагүл Төлепбай – галерист, "Pygmalion" жоғары өнер галереясының негізін қалаушы; Жастар арасында өнерді насихаттаумен белсенді айналысушы және өнер әлемінде қазақстандық жас суретшілерді насихаттаумен келеді;
  • Әйгерім Қапар – суретші, өнер кураторы, Art com заманауи өнер платформасының негізін қалаушы; Көркем және ғылыми жобаларға жетекшілік етумен айналысады;
  • Нариман Әбілшайықов – "Халық" қайырымдылық қорының басқарушы директоры; Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, MBA. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жүгіру және скандинавиялық жүрумен айналысады;  
  • Майра Измайлова – арт-ивент продюсері, FUNK креативті агенттігінің директоры; Қазақстандағы креативті индустриялардың баламалы драйвері;
  • Елдос Абақанов – Ұлттық даму институтының Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқарма төрағасының орынбасары; Экология мәселелері, табиғи ресурстарды пайдалану және оларды үнемдеу саласында орасан зор тәжірибесі бар; ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты;
  • Мақпал Жұмабай – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры; Медиа және өнер менеджері; ақын, ән жазушы автор; OzgeEpic creative Hub шығармашылық кеңістігінің негізін қалаушы;

"AIALA" арт-экофестивалі 3 күн бойы жалғасты және "5 элемент" бірегей инсталляциясымен танысуға келушілердің барлығына есігі ашық болды. Сондай-ақ, фестиваль аясында балаларға кескіндеме, макулатураның көмегімен өнер нысандарын құру, қаржылық сауаттылық және киіз басу сынды бағыттарда мастер-кластар өткізілді.

Театрланған қойылымымен көпшілікке танымал JOLDA би ұжымы өз өнерін көрсетті. Өнер ұжымы фестивальге арнайы экология тақырыбында ұлттық музыканың сүйемелдеуімен этно-костюмдер киіп, қойылым қойды.

  • "AIALA" арт-экофестивалінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ.
  • "AIALA" арт-экофестивалінің демеушісі – "Халық" қайырымдылық қоры.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу