Астанада аламан бәйге өтеді

2214

Астанада аламан бәйге өтеді

6 шілде күні елорда төріндегі "Қазанат" ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтермек, деп хабарлайды ulttyqsport.kz.

"Астана кубогі" үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен "Астана кубогін" сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі 20 мың долларды құрайды.

Жарысты ұйымдастырушы – ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Республикалық турнирдің жүлде қорын ұсынушы – Астана қаласы әкімдігі.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған "Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара" кампаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу