Астанада ұлттық спорт түрлерінен елбасы жүлдесіне арналған "ЭКСПО кубогы" сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық маңызға ие жарысқа елімізден өзге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Болгария мен Польшадан шабандоздар қатысуда. Ал "Қазанат" атшабарына жиналған жанкүйерлер 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйгені тамашалады. Ат үстінде өнер көрсеткен білекті жігіттер жамбы атып, теңге ілді. Қыз қууға қатысты. Көрермендердің делебесін әсіресе тазы иттердің жарысы мен ұшқыр бәйге қоздырды.
"Қомақты жүлде қоры тағайындалған мұндай бәсекелер алдағы уақытта жалғасын табатын болады", – дейді ұйымдастырушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу