Астанада алаяқ элиталық көліктерді арзандатылған бағамен ұсынған

258

Сотталған жәбірленушілердің 37 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.

Астанада алаяқ элиталық көліктерді арзандатылған бағамен ұсынған Фото: Pixabay.com

Бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін қала тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыскер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің туысы ретінде таныстыра отырып, жәбірленушілерге қаржы ұйымынан есептен шығарылған, өкілдік санаттағы автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.

Осылайша, сотталған жәбірленушілердің 37 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталғанның бастапқыдан автокөліктерді сатып алу ниеті болмағаны, ол өзінің нұсқасын жәбірленушілерден барынша пайда алу үшін ойлап тапқаны мемлекеттік айыптаушымен дәлелденді.

Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Аталған алаяқтық жағдайларды болдырмас үшін сатуды жүзеге асыратын ресми ұйымдарға тікелей жүгіну қажет екенін ескертеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу