Астанада алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен

684

Жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде алаяқтықпен айналысқан елорда тұрғыны ұсталды. 

Астанада алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен Фото: Polisia.kz

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері, такси жүргізушісінің полицияға түсірген арызын шұғыл қарастыру кезінде, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен азаматты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдікті мобильді қосымшаны пайдаланып, принтер салынған пакетті мекенжайға жеткізу үшін такси шақырған. Ол такси жүргізушісінің сеніміне кіріп, сәлемдемені жеткізген кезде принтерді сатып алушы барлық соманы қосып төлейтінін уәде етіп, одан ақша алып алған. Онымен келіскен таксист, көрсетілген мекенжайға бара салысымен тапсырыс берген адамға хабарласқан кезде, оның телефоны сөніп тұрған. Аталған мекенжайда ешқандай сатып алушы да болмаған. Амалсыз қалған такси жүргізушісі пакеттегі жәшікті ашып қараған сәтте, оның ішінде тұрған принтер емес, қоқыс болып шыққан. 

Қазіргі таңда аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу