Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

196

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. 

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет сүт, нан өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және өзге де тауарларды сатып ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара 24 және 25 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "Keryen Joly" сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу